12.01.2025, 18:36
Жаңалықтар
Біршама өңірде тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды
Ал екі қалада екінші дәрежелі ескерту жарияланды
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанның көп бөлігі антициклон ықпалында қалып отыр. 13 қаңтарда ел аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, алайда кей аймақтарда тұман мен желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республика аумағында 13 қаңтарда тұман күтілетін аймақтар:
- Атырау облысы: оңтүстік, батыс, солтүстік және Атырау қаласы;
- Маңғыстау облысы: түнде және таңертең батыс пен солтүстігінде, Ақтау қаласында;
- Ақмола облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында, Көкшетау қаласында;
- Қызылорда облысы: оңтүстігінде;
- Абай облысы: солтүстік пен оңтүстігінде және Семей қаласында;
- Шығыс Қазақстан облысы: батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтары мен Өскемен қаласында;
- Батыс Қазақстан облысы: күндіз батысы мен солтүстігінде, түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде және Орал қаласында;
- Түркістан облысы: оңтүстігі мен таулы аймақтарында;
- Солтүстік Қазақстан облысы: батысы, оңтүстігі және шығысында;
- Жетісу облысы: шығысы мен таулы аймақтарында;
- Қостанай облысы: батысы, солтүстігі және шығысында, Қостанай қаласында.
Желдің күшеюі
- Жамбыл облысы: солтүстік-шығысында және таулы аудандарында;
- Жетісу облысы: Алакөл көлдері аймағында;
Жел жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Семей мен Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды