$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әйелім аяғын көтеріп қойып жатады»: Әнші Тұрар жеке өмірі туралы айтты

Ол YouTube-те «Сыр» жобасына сұхбат берді

«Әйелім аяғын көтеріп қойып жатады»: Әнші Тұрар жеке өмірі туралы айтты
Фото: instagram.com/turar__ydyrys

Әнші Тұрар YouTube-те «Сыр» жобасына берген сұхбатында жеке өмірі мен отбасы туралы ойларын бөлісті. Ол жұбайы мен туыстары арасындағы қарым-қатынас және отбасылық құндылықтарға қатысты ұстанымын ашық жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен үйдегілерге айтып қойғанмын: «Менің әйеліме ештеңе демейсіңдер. Ол жатады, боянады, не істейді, өзі біледі» деп айтқанмын. Сондықтан менің әйелім аяғын көтеріп қойып жатады», – деді әнші.

Тұрардың айтуынша, ер адам отбасы құрғанда, алдымен өз әйеліне қамқорлық танытып, туыстарының оның жеке өміріне араласуына жол бермеуі керек.

«Біріншіден, ол менің әйелім. Ол – келін емес, алдымен менің жұбайым. Егер сен әпкелеріңнің, әке-шешеңнің айтқанымен жүретін болсаң, үйленбе. Көлік алғанда әкеңмен, куртка алғанда анаңмен ақылдасып жүрсең, үйленбе. Ананың, әпкенің араласуы содан болады. Ал сен дайын болып үйлендің бе, туыстарың сенің құрған отбасыңа мүлдем араласпауы керек қой», – деп өз ойын жеткізді Тұрар.

Әншінің бұл пікірі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Кейбіреулер оның пікірін қолдаса, өзгелері бұл ұстанымына күмәнмен қарайды.

Серіктес жаңалықтары