Қайрат Нұртастың әйелі бір ай бойы басқа қалада тұратынын айтты
Ол Өскеменге уақытша қоныс аударатынын хабарлады
Эстрада әншісі Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова алдағы бір ай ішінде Шығыс Қазақстан облысында тұратынын айтты. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің Instagram парақшасында бірнеше сторис жариялап, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрына уақытша қоныс аударатынын хабарлады. Ол театр ұжымына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді.
«Алдағы бір ай менің үйім – ШҚО драма және оперетта театры», – деп жазды актриса.
Сонымен қатар ол театрдың суреттері ілінген қабырға мен актерлер ұжымының суреттерін көрсетті. Жұлдыз театр сахнасында «Шынарым менің, шырайлым менің» пьесасын қоюға дайындық үстінде екенін аңғартты.
«Театр ұжымы мені кең пейілімен, ашық жүрегімен, жылы жүзбен, таза көңілімен қарсы алды», – деп жылы лебізін жеткізді актриса.