11.01.2025, 10:33
Жаңалықтар
Банктен 55 миллион теңге жымқырған қазақстандық Швецияда ұсталды
Ол шетелде қамауда отыр
Фото: © istockphoto.com
Швецияда Қазақстан ІІМ Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша банк қаражатын жымқырды деген күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2018 жылдың қазан айында күдікті Алматыдағы банктердің бірінен аударымдар арқылы 55 миллион теңге көлемінде қаражат жымқырған. Қазіргі уақытта ол шетелде қамауда отыр», – делінген хабарламада.
Күдікті халықаралық іздеуде болған. Оны Қазақстанға экстрадициялау және тергеу жұмыстарын жүргізу үшін құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолға алып жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді