$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда заңсыз жолмен 2 млрд теңге тапқан ерлі-зайыпты сотталды

Олар қаражатты мемлекетке қайтаруға міндеттелді

Қостанайда заңсыз жолмен 2 млрд теңге тапқан ерлі-зайыпты сотталды
Фото: istockphoto.com

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушылар 2021 жылдың тамызынан 2024 жылдың қаңтарына дейін ҚР аумағында айналымына тыйым салынған цифрлық активтермен байланысты кәсіппен айналысқан. Олар 2 млрд теңгеден астам ақша тапқан, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі tobolinfo.kz сайтына сітеме жасап. 

Сотталушылар кінәсін мойындамады, істеген істеріне өкінбеді, бірақ криптовалюта айырбастау фактісін жоққа шығармады, олар өздерінің заңды бұзбағанын және заңды кәсіпкерлікпен айналысқанын айтқан. .

Жаза тағайындау кезінде ерлі-зайыптының кәмелетке толмаған балаларының болуы ескерілді.

Сотталушылардың әрқайсысы 2 жылға бас бостандығынан айырылды және 7 жыл ішінде цифрлық активтерді, цифрлық майнингті шығарумен айналысу құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.

Ер адам сот залында қамауға алынды. Екі кішкентай баланың болуына байланысты әйелдің жазасын өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.

Сотталғандардан мемлекет пайдасына 2 млрд теңге – заңсыз кәсіпкерліктен түскен табысты өндіріп алу туралы прокурордың талап-арызы қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#сот #заңсыз ақша