$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да төрт адамнан метапневмовирус анықталды

Инфекцияның негізгі белгілері - жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы

СҚО-да төрт адамнан метапневмовирус анықталды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында  4 адамнан метапневмовирус анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, инфекцияның бұл түрі ауа тамшылары арқылы таралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адам метапневмовирусы – көптеген елдерде ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды.

«Эпидемиялық маусымның басынан бері облыста тұмауға жатпайтын вирустар анықталды. Риновирустар 34, аденовирустар 28, парагрипп – 23, бокавирустар – 5,  метапневмовирустар  4 жағдай және басқа коронавирустарға шалдыққан 3 адам іркелді»,  – дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айнаш Сағындықова.

Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және кей жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі. Инфекцияның негізгі белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емдеу жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады.

«Метапневмовирус ауа тамшылары арқылы тарайды. Сондықтан тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береміз. Адамдар көп шоғырланатын жерлерге бармаған дұрыс. Әсіресе, созылмалы аурулары бар науқастарға абай болған жөн», – делінген СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осыған дейін аталған вирусты жұқтырған  30 Қазақстан азаматы тіркелген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#тұмау #вирус