«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Осыған дейін актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алдағы жоспары туралы ой бөліскен
Әнші Қайрат Нұртастың қызы Сезім Қайратқызының тұрмысқа шығуы мүмкін екені туралы сауалға анасы Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың Instagram парақшасына желі қолданушыларынан «Сезім тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?» деген сауал жолданған.
«Сезім жайлы «сары пабликтер» оқырман санын көтеріп, неше түрлі тақырып етіп шығара береді. Біріншіден, қызымның басы оқудан, сабақтан, жобалардан, жаттығулардан босамайды.
Екіншіден, күйеу түгілі ешқандай жігітпен жүрмейді.
Ал енді мамандыққа, жоғары оқу орнына келетін болсақ, әзірге оның рұқсатынсыз айта алмаймын», - деп жауап берді Сезім Қайратқызының анасы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова.
Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың тұңғышының ақ орамал таққан видеосы тараған болатын.