$ 526.11  542.31  4.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өте ме? Тоқаев жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне сұхбат берді

Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өте ме? Тоқаев жауап берді
Фото: © istockphoto.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында  Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы айта келе, журналистің тосын сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Сұхбат барысында тілші президенттен «Әлеуметтік желіде Сіз 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйы­мын басқаруыңыз мүмкін, соған байланысты елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген қауесет тарап жатыр. Осы қауесеттің негізі бар ма?» деп сұрады. 

«Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдеріс­тердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін», — деп жауап берді Тоқаев бұл сұраққа.

Айта кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың қорытындыларына тоқталып, еліміз бойынша жүздеген жаңа мектеп, балабақша және дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынғанын айтқанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары