01.01.2025, 13:53
Жаңалықтар
2025 жылдың алғашқы күні Астанада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Мамандар тұрғындарға кеңес берді
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» 1 қаңтарда Қазақстанның тек бір қаласында – Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктер елордада ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті.
Мамандар ауа сапасы нашарлаған жағдайда тұрғындарға келесі шараларды ұстануға кеңес береді:
- Ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының маңында ұзақ уақыт болудан бас тарту;
- Балалар мен жүкті әйелдерге серуендеуді шектеу;
- Өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру және ашық ауада ұзақ болмау;
- Ашық ауада физикалық белсенділікті шектеу және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Ауа сапасының нашарлауынан денсаулыққа зиян келтірмеу үшін сақтық шараларын сақтау маңызды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды