$ 527.3  544.86  4.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болды ма

Ұшақ бортында барлығы 181 адам болған еді

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болды ма
Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореядағы Jeju Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған сәтте бортта Қазақстан азаматтары болмаған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Жергілікті биліктің алдын ала мәліметі бойынша, Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары арасында Қазақстан азаматтары жоқ», – деді Смадияров.

Айта кетсек, апат 29 желтоқсан күні таңғы сағат 9:07-де болды. Boeing 737-800 ұшағы Jeju Air әуе компаниясының рейсімен Бангкоктан Муанаға ұшып келген кезде ұшу-қону жолағынан шығып, қоршауға соғылған.

Ұшақ бортында барлығы 181 адам болған: 173-і Оңтүстік Корея азаматтары, екеуі Таиланд азаматтары, сондай-ақ экипаждың алты мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша, 179 адам қаза тапты, тек екі адам ғана аман қалған.

Серіктес жаңалықтары