29.12.2024, 12:05
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға Қарауылкелді ауылынан 20 шақырым жерде болған
Фото: ТЖМ
Ақтөбе облысының Байғанин ауданында ауа райының қолайсыздығы мен қардың қалың түсуі салдарынан жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Қарауылкелді ауылынан 20 шақырым жерде болған.
«Құтқарушылар арнайы техника көмегімен көлікті қар құрсауынан шығарып, жолдың тазаланған учаскесіне дейін сүйреп жеткізді. Кейін оларды Қарауылкелді ауылына дейін алып барды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы қолайсыз болған жағдайда елді мекеннен шықпауға кеңес береді.
Көп оқылған
25.04.2026, 10:32
Түркістан облысында жол апатынан үш бала қаза тапты
25.04.2026, 16:07
Ақтөбеде бейтаныс әйел кішкентай қызды ұрлап әкетпек болған
25.04.2026, 07:40
20 мыңдық жаңа келбет: теңге қатары толық жаңаруға жақын
25.04.2026, 08:26
Инфляцияның беті қайтты: Ұлттық банк баяулау үрдісін растады
25.04.2026, 18:05
ШҚО-да құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды