Бакуде Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқандардың денесіне қайта сараптама жүргізілді
Үш экипаж мүшесі мен 21 жолаушының денелері Бакуге жеткізілді
Ақтауда болған әуе апатынан қаза тапқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының үш экипаж мүшесі мен 21 жолаушысының денелері Бакуге жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Minval басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қайтыс болғандардың денелері Әзербайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия бірлестігі бөлімшелеріне жеткізіліп, тиісті сараптамалар жүргізілді», — деп жазылған материалда.
Басылым мәліметінше, Бакудегі Ясамал ауданының Патологиялық анатомия бюросында апаттан қаза тапқан 13 адамның денелеріне қайта сараптама жасалған.
Сонымен қатар Ақтау маңында болған әуе апатында қаза тапқан Azerbaijan Airlines әуе кемесінің капитаны Игорь Кшнякиннің денесі сот-медициналық сараптамадан кейін оның отбасына тапсырылғаны белгілі болды.