$ 525.11  546.74  4.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Апаттың себебі әзірге анықталған жоқ

Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Фото: Reuters/Yonhap

Таиландтан Оңтүстік Кореяға бағыт алған ұшақтың бортында 175 жолаушы және алты экипаж мүшесі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 47 адам қаза тауып, құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігінің хабарлауынша, ұшақ Jeju Air компаниясына тиесілі болған. Ұшақ Бангкок қаласынан Муан әуежайына қонбақ болған кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған. Муан әуежайы Сеулден 288 шақырым қашықтықта, елдің оңтүстік-батысында орналасқан.

Корей телеарналары апат кезінде болған күшті өрттің кадрларын көрсетті. Ұшақ соғылғаннан кейін бірден өрт басталған.

Алғашында 28 адамның қаза тапқаны хабарланған, бірнеше сағаттан кейін расталған құрбандар саны 62 адамға жетті.

«Құрбандар саны өсуі мүмкін, себебі зардап шеккендердің көбі ауыр халде», — деді өрт сөндіру қызметінің өкілі AFP агенттігіне.

Ұлттық өрт сөндіру қызметі екі адамның — бір жолаушы мен экипаж мүшесінің тірі қалғанын мәлімдеді. Кейінірек жергілікті билік тағы бір жолаушының аман қалғанын хабарлады.

Ұшақтағы 173 жолаушы — Оңтүстік Корея азаматтары, тағы екеуі — Таиланд азаматтары.

Апаттың себебі әзірге анықталған жоқ. Алдын ала деректер бойынша, ұшақ құстармен соқтығысу салдарынан басқару жүйесін жоғалтуы мүмкін. Yonhap агенттігінің мәліметінше, бұл жағдай шасси басқару жүйесінің істен шығуына әкелген.

Серіктес жаңалықтары