$ 525.11  546.74  4.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатынан 179 адам қаза тапты

Ұлттық өрт қызметі ұшақтағы адамдардың екеуі ғана тірі қалғанын айтты

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатынан 179 адам қаза тапты
Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяның Муан қаласында Jeju Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 85 адамның қаза тапқаны расталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yonhap News-ке сілтеме жасап.

«Бангкоктен қайтып келе жатқан ұшақта 181 адам, оның ішінде алты экипаж мүшесі болған. Олардың көпшілігі Корея азаматтары, ал екі жолаушы Таиланд азаматы. Ұшақ қону кезінде шасси жүйесінің істен шығуына байланысты ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, бетон қабырғаға соғылған. Ұшақ жерге құлағаннан кейін жарылып, толықтай өртеніп кеткен», — деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнында 80-ге жуық өрт сөндіруші мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде тек екі адамның ғана тірі қалғаны белгілі: олар – бір жолаушы мен экипаж мүшесі. Құтқарылғандар ұшақтың артқы бөлігінде болған. Қазір олар ауруханада, бірақ жағдайлары туралы ақпарат жоқ.

«Алғашқы ақпарат бойынша, 28 адам қаза тапқан. Кейін бұл көрсеткіш 62 адамға дейін өсті. Соңғы деректер бойынша, 85 адамның өмірі қиылғаны расталды. Құтқарушылардың айтуынша, ұшақтағылардың көпшілігі тірі қалмаған. Оңтүстік Корея билігінің алдын ала болжамы бойынша, ұшақтың шасси жүйесі құстармен соқтығысқаннан кейін істен шыққан болуы мүмкін. Екінші нұсқа – қолайсыз ауа райы», — деп жазады басылым.

Бұл оқиға Jeju Air әуе компаниясының тарихындағы алғашқы үлкен апат. Компания 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оңтүстік Кореяның ресми орындары оқиғаны мұқият тексеруге уәде берді. Қазіргі уақытта тергеу басталып, апаттың нақты себебін анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Серіктес жаңалықтары