$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде жаңажылдық шыршаны безендіріп жүрген мұғалім жарақат алды

Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр

Семейде жаңажылдық шыршаны безендіріп жүрген мұғалім жарақат алды
Фото: depositphotos.com

Семейде жаңажылдық шыршаны безендіріп жүрген мұғалім жарақат алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі.Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін», - деп жазды министр.

Министр өз сөзінде Мемлекет басшысының педагогтердің қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, олардың құқықтарының «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында қатаң сақталуын әрдайым назарда ұстап келе жатқанын атап өтті.

«Осы орайда білім басқармалары мен бөлім басшыларына заң талаптарын қатаң орындауға ерекше назар аударуды ескертемін. Қуат Айтқалиевтің отбасына шынайы қолдау білдіре отырып, оның тезірек сауығуын тілеймін. Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл жағдай ерекше бақылауға алынды», - деп түйіндеді ойын министр.

Серіктес жаңалықтары