22.12.2024, 18:23
Жаңалықтар
Алдағы үш күнде ірі мегаполистерде ауа райы қандай болады?
Көп өңірде қар жауып, боран болады
Фото: depositphotos.com
«Қазгидромет» мамандары алдағы үш күнге – 23-25 желтоқсан аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«23 желтоқсанда Қазақстан аумағы циклонның ықпалында болып, оның әсерінен көп өңірлерде қар, боран, ал батыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Жел күшейіп, тұман түсіп, батыс аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін», — делінген хабарламада.
Астана
- 23 желтоқсан: Ауық-ауық қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с. Температура түнде -8-10°С, күндіз -5-7°С.
- 24 желтоқсан: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Температура түнде -15-17°С, күндіз -12-14°С.
- 25 желтоқсан: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Температура түнде -18-20°С, күндіз -10-12°С.
Алматы
- 23 желтоқсан: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман. Жел батыстан 2-7 м/с. Температура түнде -10-12°С, күндіз -2-4°С.
- 24 желтоқсан: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман. Жел солтүстік-батыстан 2-7 м/с. Температура түнде -10-12°С, күндіз -2-4°С.
- 25 желтоқсан: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с. Температура түнде -10-12°С, күндіз -2-4°С.
Шымкент
- 23 желтоқсан: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Жел шығыстан 5-10 м/с. Температура түнде -8-10°С, күндіз +2+4°С.
- 24 желтоқсан: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 5-10 м/с. Температура түнде -8-10°С, күндіз +3+5°С.
- 25 желтоқсан: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 5-10 м/с. Температура түнде -4-6°С, күндіз +3+5°С.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды