22.12.2024, 17:38
Жаңалықтар
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Зардап шеккендер жоқ
Фото: ТЖМ
Орал қаласында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай С. Датов көшесінде болды. Автобустың мотор бөлігінде өрт шықты.
«ТЖМ қызметкерлерінің күшімен өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», – делінген ресми хабарламада.
ТЖМ тұрғындарға көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі бақылауда ұстап, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керек екенін ескертеді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді