21.12.2024, 11:17
Жаңалықтар
Павлодар тұрғыны караокеде микрофон үшін төбелесіп, досын пышақтап тастады
Ол қарсыласының жүрек тұсына соққы жасаған
Фото: depositphotos.com
Павлодарда караокеде микрофон бөлісе алмаған екі ер адамның жанжалы біреуінің пышақталуымен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy irbistv.kz-ке сілтеме жасап.
«2024 жылдың шілдесінде 52 жастағы ер адам танысымен барға барған. Караокеде микрофон үшін жанжал басталып, төбелес далада жалғасқан. Жанжал барысында айыпталушы пышақ шығарып, қарсыласының жүрек тұсына соққы жасаған», — деп жазылған материалда.
Павлодар қаласының №2 соты айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Айыпталушы өзін қорғағанын алға тартса да, сот бұл уәжді ескермеді.
«Пышақ жүрек тұсыма тиді деп ойладым, футболкам қанға боялып, есімнен танып қалдым», – дейді жәбірленуші.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды