$ 520.91  544.25  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Бірқатар аймақта тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Фото: depositphotos.com

Бүгін республикамызда ауа райы тұрақсыз болады. Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, солтүстік пен шығыста боран күтіледі. Ал оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 08 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 08 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 08 желтоқсанда күндіз кей уақытта қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Конаев қ.: 08 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 08 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

Күндіз Абай облысының орталығында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Павлодар облысы

Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жетісу облысы

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

 

Серіктес жаңалықтары