04.12.2024, 12:58
Жаңалықтар
Петропавл қаласының атауы өзгере ме?
Ол бұл мәселені тұрғындар көтермейтінін айтты
Фото: ОҚК
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Петропавл қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Халықтың пікірін білеміз деп айтқан едім. Қала әкімімен объектілерді аралап, халықпен жиі кездесіп тұрамыз. Бірақ Петропавл қаласының атын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Қала тұрғындары да ол мәселені көтермейді. Олар әртүрлі салаларды дамытуға және жол мәселелеріне көңіл бөледі. Мысалы, облыста тасжолдың ұзындығы 400 шақырымға жетеді, оның 40 пайызына асфалть төселмеген. Иә, қала халқының пікірі әртүрлі, бірақ көбі қала атауын өзгерту мәселесін көтеріп отырған жоқ», – деді аймақ басшысы.
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды