03.12.2024, 08:29
Жаңалықтар
Өскеменде зейнеткер әйел суицид жасамақ болды
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары шұғыл жетті
Фото: ТЖМ
Өскемен қаласындағы Әл-Фараби көшесінде төтенше жағдай тіркелді. Құтқару қызметінің 112 желісіне 1955 жылы туған әйелдің терезеден секіруге оқталуы туралы хабар түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, психолог және жедел жәрдем қызметі шұғыл жетті.
Психолог әйелмен байланыс орнатып, жағдайын тыңдап, қолдау көрсетті. Нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.
«Құтқарушылардың үйлесімді әрі жылдам әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі аман қалды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді