$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында мектеп директорларынан ақша жинаған бөлім басшысы сотталды

Айыпталушы жиналған 1 500 000 теңге қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған

Ақтөбе облысында мектеп директорларынан ақша жинаған бөлім басшысы сотталды
Фото: istockphoto.com

Шалқар аудандық сотында лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп айыпталған бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Сотта анықталғандай, бөлім басшысы лауазымындағы Ж. мектеп директоры А.-ға қоңырау шалып, барлық мектеп директорларынан тексеру жүргізу үшін ақша жинауды тапсырған. Нәтижесінде жиналған 1 500 000 теңге қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. 

Іс сотқа жетпей тұрып, сотталушы мен прокурор арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалды. Сот отырысында Ж. кінәсін толық мойындап, айыптаушы тарап оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. 

«Сот Ж.-ның кінәсін сараптама қорытындылары, заттай дәлелдер және қылмыстық істегі өзге де дәлелдемелер негізінде растады. Үкім бойынша, оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынып, 1 жылға бас бостандығын шектеу және пробациялық бақылау жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары