Елдің 15 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Бірқатар аймақта жел күшейіп, тұман түседі
«Қазгидромет» РМК ертең, 30 қарашада қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
30 қараша мен 1 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде көктайғақ болады деп күтіледі. Қызылорда да кей уақытта тұман түседі.
Астанада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, сол секілді Көкшетау қаласында да тұман түседі.
Күндіз Алматы облысының шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында да тұман болады.
Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғады, түнде Жарма ауданындағы екпіні 15-18 м/с құрайды. Семейде де тұман түседі.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Шымкентте, Түркістанда да түнде тұман түседі, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп болжанады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман болады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.
Түнде Атырау облысының шығысында тұман болады.