23.11.2024, 14:09
Жаңалықтар
Ақтауда көлік апатынан үш адам зардап шекті
Апаттан екі әйел мен бір ер адам жарақат алған
Фото: © istockphoto.com
Ақтау қаласының Приморский тұрғын үй массиві маңында екі көлік соқтығысып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
«Жол апаты 22 қараша күні болды. Маңғыстау облыстық жедел медициналық көмек қызметінің мәліметінше, апаттан екі әйел мен бір ер адам жарақат алған», — деп жазылған хабарламада.
Апаттан 1966 жылы туған әйел, 1988 жылы туған ер адам, 1985 жылы туған әйел зардап шекті.
«Барлық зардап шеккендер түрлі деңгейдегі сүйек сыну жарақаттарымен Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп жазады басылым.
Көп оқылған
27.02.2026, 13:40
Атырауда бұрынғы қайын жұртын қырып тастады деген күдікті Индонезияда қалай қолға түскен (ВИДЕО)
27.02.2026, 06:10
Щучинскідегі кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жарақат алды
27.02.2026, 11:00
Қол-аяғы көгеріп, әбден қиналған: Дубайда жарысқа қатысқан қазақ қызы қандай қиындықтан өткенін көрсетті (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
27.02.2026, 10:00
Түркістанда 61 жастағы тұрғынның қуығынан 80 тас шыққан (ФОТО)
26.02.2026, 14:20
«26.02.26»: Шымкентте 51 жас отбасы бір күнде неке қидырған