23.11.2024, 13:37
Жаңалықтар
16 млн теңге шығын: Жетісу облысында ҚТЖ машинистері дизель отынын ұрлаған
Бұл дерек бойынша материалдар көлік полициясының департаментіне жолданды
Фото: © istockphoto.com
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметкерлері Бескөл депосында тепловоз машинистерінің дизель отынын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мониторинг барысында дизель отынының артығымен шығындалғаны анықталған. Бұл дерек бойынша материалдар көлік полициясының департаментіне жолданды. Қылмыстық топты көлік прокуратурасы, көлік полициясы және КТЖ бірлесіп анықтады», — деп жазылған хабарламада.
Тергеу кезінде ұрланған 16 миллион теңге көлеміндегі дизель отынының шығыны толық өтелді. 2024 жылғы 11 қарашада сот күдіктілерге қатысты үкім шығарды.
Ұлттық компания өкілдері дизель отынын ұрлауға қарсы күрес жалғасатынын мәлімдеді.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды