$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада инвестор жаңа жылу электр орталығын салып жатыр

Орталыққа 124 млрд теңге инвестиция салынған

Қызылордада инвестор жаңа жылу электр орталығын салып жатыр
Фото: istockphoto.com

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жылу электр станциясы салынып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс әкімі Қызылорда қаласында 215 млрд теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатқанын жеткізді.

«Президентіміздің тікелей қолдауымен бүгінде инвестор – «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 127 млрд теңге инвестиция салды. Орталық келер жылдың қыркүйек айында ел игілігіне табысталады. Құрылыс барысы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей бақылауында. Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына бой көтерген ең ауқымды, теңдессіз жоба», - деді аймақ басшысы

Ол атағандай, жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін 773 қызметкер озық технологиялармен жабдықталған заманауи ғимаратта жұмыс істейдә.

«Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылып жатыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары