20.11.2024, 13:10
Жаңалықтар
«Еркектік парызым»: әйелінің туған күніне 60 млн теңге шашқан блогер пікір білдірді
Ол өзінің туған күнін жасамайтынын айтты
Фото: Instagram/darhanzholshybekov
Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариға Нұркееваның туған күнін дүркіретіп тойлау өзінің міндеті екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Revue News бағдарламасының мәліметінше, бұл тойға блогер кемінде 60 млн теңгесін шашқан.
«Ол қыз ғой енді. Мүмкіндік болып жатса, оған осылай жыл сайын туған күнін жасап беріп қуантуды еркектік бір парызым ретінде түсінемін. Ал өзімнің туған күнімді жасамаймын», - деді Дархан Жолшыбеков.
Дариға Нұркееваның туған күнінде Мейрамбек Бесбаев, Мадина Сәдуақасова, Ғазизхан Шекербеков, Садраддин, сол сияқты рэпер Shiza өнер көрсетті.
Ал туған күнінің алдында блогер әйеліне 150 млн теңге тұратын Mercedes-Benz G 63 AMG Grand Edition көлігін сыйға тартты.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті