$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен тұрғын бес күн бойы табылмай жатыр

Іздеу жұмыстары 5 қарашада басталған

Мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен тұрғын бес күн бойы табылмай жатыр
Фото: Қостанай облысы ТЖД

Қостанай облысында мал іздеуге шыққан ауыл тұрғыны бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

«Карабалық ауданына қарасты Славенка ауылынан 5 шақырым жердегі шаруа қожалығында 1987 жылы туған ер адам мал іздеуге шығып, байланысқа шықпай қалған. Алаңдаған жұмыс беруші полицияға жүгінді», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Іздеу жұмыстары 5 қарашадан бері жалғасып жатыр. Жұмысқа құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, шекара қызметі, еріктілер, кинологиялық есеп және пилотсыз ұшақ тартылған.

Департамент өкілдері тұрғындарға күзгі-қысқы ауа райының тұрақсыз жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтау керек екенін еске салды.

Серіктес жаңалықтары