10.11.2024, 10:21
Жаңалықтар
Мысырда автобус аударылып, үш қазақстандық зардап шекті
Жол апатынан 41 адам жарақат алған
Фото: © istockphoto.com
Оңтүстік Синайда автобус аударылып, 41 адам жарақат алды, олардың ішінде үш Қазақстан азаматы бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Cairo24-ке сілтеме жасап.
«Автобус аударылғаннан кейін 41 адам жарақат алды. Жарақат алғандардың арасында Ресей мен Украинадан келген 31 турист, Қазақстаннан келген үш азамат, Әзербайжаннан үш азамат және төрт мысырлық бар», – делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы Мысырдың Оңтүстік Синай аймағындағы Рас-Судр жолында болған. Ал автобус туристерді тасыған.
Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері жедел жетіп, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді