09.11.2024, 23:09
Жаңалықтар
«Жағаға жете алмай қалған»: Қарағанды облысында жоғалған балықшы табылды
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, балықшыны жағаға жеткізді
Фото: t.me/qr_tjm
Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары жоғалған балықшыны тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Балқаш қаласының 112 пультіне Балқаш көлінің «Ақ тас» ауданындағы жағалаудан 12 шақырым қашықтықта қайықтың ақаулығынан балықшы өз бетінше жағаға жете алмайтыны туралы хабарлама келіп түскен.
«Жедел құтқару жасағының құтқарушылары көрсетілген координаттар бойынша дереу шықты. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында балықшы құтқарылып, жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады