$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұман, көктайғақ: еліміздің басым бөлігінде ескерту жарияланды

Кей аймақтарда жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады

Тұман, көктайғақ: еліміздің басым бөлігінде ескерту жарияланды
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК ертең, 10 қарашада еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанайда түнде бұрқасын, күндіз көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші – 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады. Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Ақтауда түнде және таңертең тұман.

Көкшетауда бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні – 23-28 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Ақтөбеде көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20, күндіз 15-20 м/с болады. Қызылордада түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағандыда кей уақыттарда қар мол жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Семейде таңертең және күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с болады.

Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады.

Өскеменде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 17-22 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, түнде шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Таразда кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады.

Павлодарда түнде қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Серіктес жаңалықтары