09.11.2024, 21:19
Жаңалықтар
Ақтөбеде екі айда жол ережесін 308 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 11,5 миллион теңгеге жеткен
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Ақтөбеде екі айда жол ережесін 308 рет бұзған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ мәліметінше, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қорғау» жүйесінің көмегімен шетелдік нөмірі бар ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 35 жастағы жергілікті тұрғынның қала көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты асырғанын анықтады.
Айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 11,5 миллион теңгеге жеткен. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
«Азаматтарды Заң мен тәртіпті сақтауға шақырамыз! Шетелдік нөмірі бар кейбір жүргізушілер жазадан құтыламыз деп үміттенеді, алайда полиция мұндай ереже бұзушыларды анықтап, оларды жауапқа тартады», - деп ескертеді ІІМ.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды