$ 530.24  543.97  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында ұрланған қарағай ағаштарын тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Ол қарағайларды елордалық кәсіпорындардың біріне сатуды жоспарлаған

Ақмола облысында ұрланған қарағай ағаштарын тасымалдаған жүргізуші ұсталды
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Ақмола облысындағы тас жолда қарағай тұқымының 30 ағашын тасымалдаған жүк көлігі тоқтатылды. Көлік тіркемесіндегі ағаштар орманнан ұрланған. Бұл туралы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Астана-Петропавл республикалық трассасында патрульдік полиция ротасының инспекторларымен бірлесіп, ұрланған қарағай ағаштарын тасымалдау фактісінің жолын кесті. Жүк көлігін тоқтату кезінде жедел уәкілдер тіркемеде Ақкөл ауданы Кеңес ауылының орман алқабының аумағында кесілген 30 ағашты тапты.

«Камаз жүргізушісі ағаштарды қазған жұмысшыларды жалдаған, содан кейін ол жер кесектерімен бірге қарағайларды елордалық кәсіпорындардың біріне сатуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шеңберінде қажетті жедел және тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Залалдың нақты сомасы әзірге белгіленуде, бірақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша мемлекетке келтірілген залал 1 миллион теңгеден асады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары