09.11.2024, 20:48
Жаңалықтар
Ақмола облысында ер адамды пойыз қағып кетті
Аталған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде
Фото: railways.kz
Ақмола облысының Макинка станциясында пойыз ер адамды қағып кетті. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚТЖ мәліметінше, оқыс оқиға 8 қараша күні таңертең болған.
«8 қараша күні таңертеңгі 8:45-те Макинка станциясында пойыз темір жол үстінде адам болуына байланысты шұғыл түрде тоқтауға (тежегішті басуға) мәжбүр болды. Машинист дабылды басса да, құлаққап тағып, бетперде киген ер адам оны естімеген. Ара қашықтықтың қысқа болуына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады», — делінген хабарламада.
Қазіргі кезде аталған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді