$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан экологиялық таза жанармай шығару ісін қолға алды – вице-министр (ВИДЕО)

Алматыда ИКАО апталығы өтіп жатыр

Қазақстан экологиялық таза жанармай шығару ісін қолға алды – вице-министр (ВИДЕО)
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қазақстанда экологиялық таза жанармай шығару мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Вице-министр Алматыда Қазақстандағы ИКАО апталығы аясында осындай пікір білдірді.

«Жанармай туралы біз әртүрлі жобаларды қарастырып жатырмыз. Біздегі «ҚазМұнайГаз-Аэро» осы мәселемен айналысып жатыр. Ол ең алдымен экологиялық таза жанармай шығару. Оның неше түрлі түрі бар. Қазақстанда оған қажетті жағдайдың бәрі қарастырылған.

2028 жылдан бастап Еуропа Одағы жанармайдың бір ғана бөлігін пайдаланатын әуе компанияларын ғана өзінің аспанына кіргізеді. Осыған байланысты қазір осы іспен айналысып жатырмыз.

«ҚазМұнайГаз-Аэро» соған сай өндіріс жасау үшін халықаралық банктермен бірігіп, жұмыс істеп жатыр», - дейді көлік вице-министрі Талғат Ластаев.

Айта кетейік, ИКАО апталығына ICAO Еуропалық және Солтүстік атлантикалық өңірлік бюросының директоры Николас Ралло, Еуропа әуежайлары халықаралық кеңесінің бас директоры Оливье Янковец, азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының, Қазақстан және Еуропа әуежайларының, авиакомпаниялардың өкілдері қатысты.

Серіктес жаңалықтары