$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында мүгедек балалары бар адамдардан негізсіз салық ұсталған

Заң бойынша мүгедек балалары ата-аналар немесе қамқоршылары салықтан босатылған

Жетісу облысында мүгедек балалары бар адамдардан негізсіз салық ұсталған
Фото: pixabay

Жетісу облысында мүгедектігі бар балалардың ата аналарына негізсіз салық ұсталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу прокуратурасы мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршыларынан жеке табыс салығының заңсыз ұсталғанын анықтады. Тексеру нәтижесінде 2 млн теңгеден астам қаражат қайтарылып, жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршылары жеке табыс салығын төлеуден босатылған.

Алайда, Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексінің 346-бабы 1-бөлігінің  3) тармағының талаптарына қайшы келе отырып, аталған азаматтардан негізсіз салық ұстаған.

Атап айтсақ, мүгедек баласы бар білім бөлімінің қызметкерінен 2021 жылдан 2023 жылға дейін 400 мың теңгеден астам қаражат ұсталған.

«Тексеру одан өзге 19 ата-ана мен қамқоршыға қатысты осындай құқық бұзушылықтарды анықтады. Барлық заңсыз ұсталған ақша қайтарылып, салық бөлімінің басшысына «сөгіс» жарияланды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары