$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Олар енді 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Павлодарда есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: Polisia.kz

Павлодарда есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ мүшелері қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, топ мүшелері ұзақ уақыт бойы Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, психотроптық заттарды тұрақты негізде сатумен айналысқан. Әр мүшенің қылмыстық топтағы өз рөлі болды. Интернет-дүкен «жылдамдық» деп аталатын психотроптық заттарды сатуды күн сайын жүргізіп, күніне 30-дан 50-ге дейін жасырын қоймаларға заттарды орналастырып отырған.

«Құқық қорғаушылардың айтуынша, есірткі заттары гипс пен пластилинді пайдаланып, тастың формасында шебер жасырылған. 2024 жылдың 28 қазанында жедел-тергеу іс-шаралары барысында Павлодар қаласының төрт тұрғыны – интернет-дүкен иесі, сату операторы, ораушы және курьер ұсталды.

Олардың барлығына қатысты қылмыстық әрекеттері дәлелденіп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу барысында күдіктілерден психотроптық және есірткілік заттар, ұялы телефондар, SIM-карталар, ноутбуктер сияқты заттай дәлелдемелер алынды.

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахмановтың мәлімдеуінше, ұсталғандарға қатысты есірткі және психотроптық заттарды өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктілер қамауға алынды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Полиция департаменті есірткі қылмыстары үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары