$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Көлік пен екі бөлмелі пәтер сыйлады»: блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесті

Бұл оқиға қоғам арасында түрлі пікір тудырды

«Көлік пен екі бөлмелі пәтер сыйлады»: блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесті
Видеодан алынған кадр

Қазақстандық танымал блогер некесіз туған қызымен кездесті. Бұл туралы оның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасынан белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған дейін танымал блогер Дархан Жолшыбековтің бұрынғы сүйіктісі некесіз туған қызына алимент өндіру үшін Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінген болатын.

Бұл оқиға тіпті отандық телеарналардың біріндегі бағдарламада талқыланып, қоғам арасында қызу талқыға түскен болатын.

Блогер бүгін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына қызымен кездескен видеосын жүктеді. Сондай-ақ, ол қызына өзінің тегін бергенін жариялады. 

Бұдан бөлек Дархан некеден тыс туған қызының анасына көлік пен Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйлады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#блогер #әке