$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда полицейлер ұрланған жылқыларды анықтады

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда полицейлер ұрланған жылқыларды анықтады
Видеодан алынған кадр

2-ші қараша күні таңғы сағат 4-тер шамасында, Қарағанды қаласына кіре берісте полиция қызмектерлерімен 57 жастағы азаматтың басқаруындағы КамАЗ автокөлігі тоқтатылды. Көлік ішінде жүргізушімен қоса тағы бір ер кісі және оның 29 жастағы ұлы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерімен көлікті тексеру барысында көлікте 40 бас жылқы болды. Жүргізушінің айтуынша жылқылар көлік ішіндегі жолаушыға тиесілі екен, алайда тексеріс кезінде жылқылардың нақты оған тиесілі екенін анықтайтын құжаттары болмады. Олар жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқаны анықталды.

Нақты жылқылардың кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын WhatsApp чатқа таратқан.

«WhatsApp чатқа таратылған фотолардың нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды. Қазіргі уақытта барлық жылқылар Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, ол жерге полиция қызметкерлері күзет қойды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқада жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары