04.11.2024, 00:30
Жаңалықтар
Түркістан облысында жол ережесін бұзып, кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Сондай-ақ жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Видеодан алынған кадр
Түркістан облысының патрульдік полициясы Алматы-Ташкент-Термез тас жолында бірнеше көліктің «кортеж» ретінде қозғалғаны бейнеленген видеоға назар аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері видеодан жол қозғалысына кедергі келтірген құқықбұзушыларды анықтады. Нәтижесінде, Сайрам ауданының тұрғындары мінген екі Mercedes-Benz көлігі анықталып, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Жол ережесін бұзып, апатты жағдай тудырғандары үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қазіргі уақытта видеода бейнеленген басқа жүргізушілерді анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды