16.05.2020, 10:33
Жаңалықтар
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 13 адам Атыраудан келген
14 мамыр, сағат 23:59-дағы мәлімет
Вирусты жұқтырған адамдардың 12-сі ер адам және біреуі әйел кісі. Барлығы да Атырау қаласынан келген, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Атыраудан келуіне байланысты карантиндік стационарға орналастырылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР анализдерінің қорытындысы азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр»,- делінген хабарламада.
15.05.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 245 адам тіркелген, оның ішінде емделіп шыққандар саны — 188, ем қабылдап жатқандар саны — 57.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды