$ 514.5  582.67  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.05.2020, 10:07
Жаңалықтар

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам тіркелді

14 мамыр, сағат 23:59-дағы мәлімет

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам тіркелді

Вирусты жұқтырған 6 адам Талдықорған қаласында, Кеген және Талғар аудандарында әрқайсысында 2 адамнан тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Барлық 10 адам белсенді түрде анықталды, 8-і бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, 2-уі медициналық мекемеге жүгінген кезде анықталды. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бұл азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылды. Ауырған адамдар алдын ала оқшауланған, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды»- делінген хабарламада.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып оқшауланады және коронавирусқа зертханалық тексерістен өтеді. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.

15.05.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысында инфекцияны жұқтырған 201 адам анықталған.

 

Серіктес жаңалықтары