Қостанайда бір көше бес жыл бойы жөнделіп жатыр

Azattyq Rýhy
Қостанайда бір көше бес жыл бойы жөнделіп жатыр
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Қостанай қаласында әл-Фараби даңғылындағы (141/1-6) бес жыл бойы жалғасып келе жатқан жол жөндеу жұмыстары жергілікті тұрғындардың үлкен наразылығын тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, жол жөндеу жұмыстары тиісті дайындықсыз жүргізіліп жатыр. Су өткізу жүйесі болмағандықтан, су жиі жиналып қалатын жерге асфальт төселген. Бұл жолдың сапасын төмендетіп, қыс пен көктемгі су тасқынынан кейін асфальт қайта бұзылуы мүмкін деген алаңдаушылық тудырады.

Әл-Фараби даңғылының тұрғыны Анатолий Чернушканың айтуынша, жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуынан «батпаққа» айналған жолда адамдарға жүру қиын.

Тұрғындардың Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жасаған көптеген өтініші нәтиже бермей, мәселе шешілмегендіктен, тұрғындар бұл мәселені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көтеруге мәжбүр болған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.