27.10.2024, 11:40
Жаңалықтар
Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады
Бұған Израильдің шабуылы себеп болды
Фото: un.org
Иран Израильдің шабуылы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі мәлімдеді. Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке арнайы хат жолдады.
«Иран Ислам Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасынан осы ауыр заңбұзушылықты және заңсыз әрекеттерді қарастырып, бұл қылмыстық режимді жауапкершілікке тарту үшін шұғыл отырыс өткізуін сұрайды», – делінген Иранның ресми мәлімдемесінде.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды