$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Республика күні Қазақстанда 850 сәби дүниеге келді

Олардың ішінде жеті егіз бар

Республика күні Қазақстанда 850 сәби дүниеге келді
Фото: depositphotos.com

Республика күні қазақстандық отбасыларда 850 сәби дүниеге келді. Олардың ішінде жеті егіз бар. Жалпы 434 ұл бала және 416 қыз бала өмірге келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, тәуліктік туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда 122 бала дүниеге келген. Екінші орында тұрған Астанада 89 отбасы сәбилі болды. Үшінші орында – Алматы. Бұл қалада 88 нәресте дүниеге  келді.

«Жүкті әйелдер мен босанатын аналардың денсаулығын сақтау мақсатында бүкіл республика бойынша босандыру қызметінің өзекті мәселелері бойынша республикалық және аймақтық сарапшылар кеңестері жұмыс істейді. Қауіпті жағдайдағы әйелдерді ауруханаға жатқызу үшін арнайы жеке посттар ұйымдастырылған және мамандардың қатысуымен жүкті әйелдерді тәулік бойы күнделікті бақылау жүзеге асырылады», – деп хабарлады министрлік.

Серіктес жаңалықтары