23.10.2024, 17:10
Жаңалықтар
Талғардағы жағдай: жұмысына салғырт қараған полицейлердің үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
Күдікті жиен қарындасын зорлағаны туралы ақпарат тарады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіні әлі күнге дейін ұстай алмай жатыр. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз бұл іс бойынша іздеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Қолға түсіреміз. Ол өте оңай емес. Тиісті шаралар қабылданып жатыр. Қызметтік тексеру жүргіземіз. Кінәлілердің бәрі жазаланады. Немқұрайлылық бойынша іс қозғалды», - деді Игорь Лепеха.
Айта кетейік, Талғарда уақытша тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті әлі табылмай жатыр. Ер адам зорлық жасады деген күдікпен ұсталған еді. Талғар тұрғындарының айтуынша, ол өзінің жиенін зорлаған.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты