«Харамға жақын»: зерттеуші жылқы еті туралы пікір білдірді
Ол өз сөзінде жылқы еті макрух саналатынын айтты
Қазақстандағы халал ас өнімдеріне қатысты туралы зерттеулер жүргізетін жоғары зерттеулер практикалық мектебінің докторанты (Париж) Агат Ги жылқы еті туралы айтқан пікірі желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маманның айтуынша, мұсылмандардың жылқы етін тағам ретінде пайдаланғаны дұрыс емес.
«Жылқы етін харам деп айта алмаймыз. Алайда, ол макрух саналады, яғни оны тұтынбаған дұрыс. Макрух түсінігі халалға да, харамға да жақын нәрселерді қамтиды. Абу Ханифа мазхабы бойынша, бұл макрух харамға жатады, Дубайда да осылай есептеледі. Дегенмен, Қазақстанда көбінесе Абу Юсуфтың көзқарасы басым, ол жылқы етін халалға жақын макрух ретінде қарастырады», - деді ол.
Желі қолданушылары зерттеушінің пікіріне наразылық білдірді.
«Мынау кім? Ұлты кім? Араб пен қазаққа діндерін үйретейін деді ме?», «Оттаған әнгіме! Оның тарихын алса арабтар соғыс кезінде жылқы жауға шығатын жануар болған соң жеуге тыйым салған. Жылқы керек болған соң. Құранда жоқ», «Осындай дінді түсінбейтіндер дін үйретіп болды-ау», «Аха сол харам деп жүргендер Қазақстанға келсе қазы, бешбармақ деп тұрып жеп жатады ғой», - деп жазды желі қолданушылары.