Алматылық бойжеткен танымал жаттықтырушының ұлы соққыға жығып, көлігіне оқ атқанын айтты

Azattyq Rýhy

Алты айдан бері тергеуші тарап ешнәрсе істемей отырғанын айтып шағымданды

Алматылық бойжеткен танымал жаттықтырушының ұлы соққыға жығып, көлігіне оқ атқанын айтты
Фото: istockphoto.com

Алматыда бойжеткен танымал қазақстандық жаттықтырушы Асқар Оразалиновтың ұлы ұрып-соққанын айтты. Соққыға жыққан – су добынан спорт шебері Алан Оразалинов. Жәбірленушінің айтуынша, көлігіне оқ жаудырып, үйіне тас лақтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұрып-соғу туралы ақпарат egovpress Телеграм арнасында жарияланды. Алан Оразалиновтың соққысынан Алматы тұрғыны жарақат алғанын айтты.

«16 қазан күні таңғы сағат 9 шамасында А.А. Оразалинов машинама автомат қаруынан оқ атты. Ал 15 минуттай бұрын жұбайымның көлігіне оқ жаудырған. Полиция зақымдануды тіркеді, бірақ қару әлі тәркіленген жоқ. Оразалинов А.А. үйімізге қоқыс, тас, әйнек лақтырды», - деді ол шағымында.

Жәбірленуші өз сөзінде тергеуші ұрып-соққан сәттен бастап алты айдан бері ешқандай әрекет жасамай отыр деп мәлімдеді.

Алматы ПД Бостандық ауданының полиция басқармасы денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.  

«Тергеу іс-шаралары кешенді жүргізілуде, соның нәтижесінде кінәлі жауапқа тартылады. Іс материалдары сотқа беріледі», - деп хабарлады ведомство.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.