22.10.2024, 16:48
Жаңалықтар
Назарбаевтың Тетчерге таққан «Достық» ордені сатылмайтын болды ма
Осыған дейін орденнің 12 500 фунтов стерлингке сатылатыны хабарланған
Фото: Peterharrington
Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Маргарет Тэтчерге Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев берген «Достық» орденінің сатылатыны туралы хабарландыру британиялық антиквариат Peter Harrington сайтынан жойылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық орденнің сатылатыны туралы хабарландыру (кеше) осы сайтта жарияланған. Алайда, бүгін сайттан бұл хабарландырудың жойылғаны белгілі болды.
Осыған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияның бұрынғы басшысы Маргарет Тетчерге таққан Достық ордені сатылымға шыққаны хабарланған. Сирек кітаптар сататын сайтта ол 12 500 фунтов стерлингке, яғни, 7,9 млн теңгеге бағаланған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды