Солтүстік Корея Сеулге соғыс ашатынын айтып сес көрсетті
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяның дрондары шекараны бұзғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяның дрондары шекараны бұзғанын мәлімдеп, жағдай қайталанса, оны соғыс жариялау ретінде қарастыратынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
DW басылымының хабарлауынша, Солтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігінің өкілі келесі жолы ел территориясын бұзу «жедел қарсы шабуылға» әкелетінін ескертті.
Солтүстік Корея 2024 жылдың 13 қазанында Пхеньяннан оңтүстіккореялық әскери дронның сынықтарын тапқанын мәлімдеді. Зерттеу тобы бұл дрон қалаға арнайы үгіт парақшаларын таратқан болуы мүмкін деп санайды, алайда бұл жөнінде түпкілікті қорытынды жасалмаған.
Пхеньян қазан айында үш рет Оңтүстік Кореяның дрондары ел астанасына үгіт-насихат парақшаларын тастады деп мәлімдеді. Алайда, Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі Ким Ён Хён бұл ақпаратты растай алмайтынын жеткізді.